...

Enactus

JURMEK, MINAVTO, QÜTQAR: ENACTUS  KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2023 ҰЛТТЫҚ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЭКГ түсіретін портатив аппарат, көлікте ұйықтап қалғанда оятатын вибрация мен дыбыс, денеңді тік ұстап жүруді «міндеттейтін» қосымша – осы және басқа да қызық жобаларды қазақстандық оқушылар мен студенттер ұсынды. Қазылар алқасы үздігін таңдады және демеушілердің сыйлығы табысталды.  

Еліміздің 17 өңірінен келген оқушылар мен студенттер өзінің бизнес-жобаларын таныстырып, жүлделі орындар иемденді. Демеушілерден ақшалай сыйлық алды.

Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ұлттық чемпион – жеңімпаз болып, Нидерландыға жолдама ұтып алды. Сондай-ақ, ENACTUS әлемдік додасын келесі жылы Астанада өткізу ұсынылды.

Білім сайысын демеуші кәсіпкерлер мен мемлекеттік, халықаралық ұйым өкілдері – ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы және «Aтамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қолдады. 

Екі күнге созылған оқушылар мен студенттер арасындағы кәсіпкерлік додасын қолдаушылардың бірі – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«Осындай атмосферада білімді әрі білікті, жалынды жастарды көргенде жігер аласың. ENACTUS KAZAKHSTAN – өскелең ұрпаққа жеке қабілеттерді дамыту, өзіңді табу, ешбір оқулықта жазылмаған тәжірибе жинауға көмектесетін үздік бағдарламалардың бірі. Білім сайысы барысында игерілген лидерлік қасиет, корпортив қарым-қатынас, тәжірибе өте құнды. ENACTUS KAZAKHSTAN және «Атамекен» ҰКП арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары. Өйткені студентердің кәсіпкерлігі – Палатаның қолдауы керек бағыт», – деді Райымбек Баталов. 

Оқушылар мен студенттер көлік апатын болдырмау, жүрек соғысын есептеу, денеңді тік ұстау және басқа бағыттарда арнайы цифрлық жобаларын ұсынды. Бірі робот ойлап тапса, екіншісі қосымшаларды таныстырды. Сонымен қатар, экология, туризм саласында кәсіпке бағытталған жобаларды ұсынды. Жастар жобаларының артықшылығын, табысын, перспективасына тоқталды. 

«ENACTUS KAZAKHSTAN-мен ынтымақтастықтың келешегі зор екенін көріп отырмыз. Kazakh Tourism  компаниясының осы шараны қолдауы  – келесі жылы Әлем кубогін алу жолындағы алғашқы қадам, кірме билет. Елдің түкпір-түкпірінен білікті жастарды жинау, дұрыс бағыт-бағдар беру, ең бастысы үздіксіз дамуға бағытталған осындай шараларды өткізу маңызды», – деп атап өтті мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жобаның биылғы қатысушылары мен жеңімпаздарын ENACTUS Kazakhstan ресми сайтынан және @enactus_kazakhstan Инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

Источник: Atameken.kz

BannerText_Seraphinite Accelerator
Turns on site high speed to be attractive for people and search engines.