...

Enactus

Қазақстандық студенттер Әлем чемпионы атағы үшін жарысады

17-20 қазан аралығында Нидерланды, Утрехт қаласында 33 елдің қатысуымен  өтетін ENACTUS WORLD CUP 2023 әлем кубогында Қазақстанның намысын академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері қорғайды.

ENACTUS WORLD CUP – бұл әлемнің 33 елінен қатысатын студенттердің, кәсіпкерлердің, академиялық және бизнес көшбасшыларының халықаралық платформасы Enactus-тың кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік прогреске қалай ықпал ететінін көрсету үшін біріктіретін іс-шара. Студенттердің жобалары БҰҰ тұрақты дамуының 17 мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Презентацияларды Халықаралық бизнес көшбасшыларының тобы бағалайды.

Біздің студенттер пластикті қайта өңдеудің инновациялық әдісін тауып, және пайдаланылған паллеттерден ыңғайлы жиһаз жасап әлеуметтік бизнес құрды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар өндірістік циклдің басты қатысушылары болған. Кәсіпкерлік көшбасшылықты таңыта отырып, студенттер тұрақты өмірге жол салды. 

«ENACTUS World Cup 2023 Студенттік кәсіпкерліктің әлемдік Кубогы – бұл Қазақстанның дарынды жастары мен әлеуметтік жауапты бизнес үшін бірегей мүмкіндіктер», – деп Философия ғылымдарының докторы, ENACTUS Kazakhstan президенті & CEO Ержанова Альбина Меирбекқызы бөлісті.

ENACTUS (бұрынғы SIFE) – әлемнің 33 елінен 1800 университет қатысатын бизнес, инновация және практикалық дағдыларды оқытудың халықаралық бағдарламасы. Жыл сайын Қазақстанның 19 өңірінен 2500-нан астам студент пен оқушы 100-ден астам жобаны іске қосу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1000 жұмыс орнын құрады.

ENACTUS Kazakhstan президенті & CEO – Ержанова Альбина Меирбекқызы

ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы – Баталов Раимбек Әнуарұлы 

Источник: Курсив Медиа

BannerText_Seraphinite Accelerator
Turns on site high speed to be attractive for people and search engines.