...

Enactus

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024:

ENACTUS KAZAKHSTAN ұлттық кеңсесі ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп оқушылары және студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың аса ірі ұлттық кубогын ұйымдастырды.

Бұл көрме жыл сайын Қазақстандағы ENACTUS халықаралық бағдарламасының қатысушыларының жоба бойынша нәтижелерін көрсету үшін ұйымдастырылады. Жарысқа демеуші компаниялардың көрмесі, бос орындар жәрмеңкесі, іскерлік кездесулер, питчинг және қатысушыларға арналған арнайы байқаулар кіреді.

Дайындық кезеңінің онлайн-оқыту барысына және іс-шараның өзіне 7000 адам қатысты. Ұлттық кубоктың финалына 1500-ге жуық адам қатысуға шақырту алды, іріктеу қорытындысы бойынша 141 команда өз жобаларын қазылар алқасына ұсынды. 14 пен 38 жас аралығындағы көрме қатысушылары экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудің инновациялық тәсілдерін ұсынды. Мәселен, жүгерінің жаңа сорты, медициналық жасанды интеллект, гербицидтерді нүктелік бүрку және сәйкестендіруге арналған автономды робот, сондай-ақ арамшөптерді жоюға арналған СО2 лазерлік роботы және басқа жобалар ұлттық мектеп оқушылары және студенттік кәсіпкерлік кубогында ұсынылды.

Қазақстанның 20 өңірінен келген оқушылар мен студенттер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырып, ең үздіктері жүлделі орындарға ие болды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Ұлттық чемпион атанып, 2-4 қазанда Астана қаласында өтетін ENACTUS WORLD CUP 2024 әлемдік кубогында Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығына ие болды. Екінші орынды Талдықорған қаласындағы Zhansugurov College командасының «Silk Route» жобасы иеленді. Үшінші орынды Астана медицина университеті командасының «Well Nation» жобасы иеленді.

«Дәл осы жеңіс үшін біздің команда көп жұмыс жасады. Біз өз жұмысымыздың ақталғанына шексіз қуаныштымыз. Барлық ENACTUS командаларына қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз! Біз алдағы ENACTUS WORLD CUP әлемдік кубогында елімізге жеңіс алып келу үшін бар күшімізді саламыз!» — деп бөлісті команда капитаны Асқар Рахым.

Биылғы жылы көрме алаңында колледж студенттері арасында алғаш рет ENACTUS кәсіпкерлік кубогы өтті. Бірінші орынды жоғары тиімді тыңайтқыштарды әзірлеуге бағытталған «Табиғи таза органикалық тыңайтқыш — Биогумус өндіру» жобасымен Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Solar Boost» жобасымен Алматы автомеханикалық колледжінің командасы иеленді. Үшінші орынды «GrowCrafts» жобасымен Астана қаласының қазақстандық Халықаралық лингвистикалық колледжінің командасы иеленді.

Оқушылар ауыл шаруашылығы, білім беру және экологияны шешуге бағытталған IT жобаларын таныстырды. Соның бірі — V Республикалық мектеп кәсіпкерлігі чемпионаты жеңімпазы Астана қаласының Білім Инновация Лицейі командасының жобасы «KazagroTech» — нүктелік сәйкестендіруге арналған автономды инновациялық роботтар және жасанды интеллект пен терең оқыту негізінде зиянкестерге қарсы гербицидтерді бүрку.

Сонымен қатар Ұлттық кубок аясында оқушылар мен студенттерге еліміздің үш жоғары оқу орнында: Алматы энергетика және байланыс университетінде, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында 4 жылдық оқуға гранттар бөлінді.

Семей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің №2 командасы Алматы энергетика және байланыс университетінен 6 грант жеңіп алды. Қызылорда қаласының №210 мектеп командасының капитаны Абдуллаев Асылжан Қызылорда университетінің Қорқыт Ата оқу грантының иегері атанды.

ENACTUS тарихында әлемдік кубоктар Лондон, Париж, Йоханнесбург, Пекин, Вашингтон сияқты қалаларда өтті, биыл Дүниежүзілік біріншілікті өткізу құқығын біздің еліміз жеңіп алды. Бірінші рет ТМД-да, атап айтқанда, Қазақстанның елордасы Астана қаласында үздік студенттік бизнес-жобалардың Әлемдік кубогы өтеді.

ҚР Ғылым және жоғары білім минисhttps://www.facebook.com/story.php?story_fbid=429011786547852&id=100083171025238&mibextid=WC7FNe&rdid=PnKCn8fkK51Qq1zDтрлігі

BannerText_Seraphinite Accelerator
Turns on site high speed to be attractive for people and search engines.