...

ENACTUS

Астанада ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 Ұлттық кубогы өз мәресіне жетті.

ENACTUS – бұл мектеп оқушылары мен студенттерді еркін кәсіпкерлікке баулу бойынша әлемдегі ең үздік бағдарламалардың бірі.

Елордада өткен сайыста еліміздің барлық аймақтарынан мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласының жетекшілері жиналып, өз идеяларын ұсынды.

Финалдың бірінші күні «Атамекен» ҰКП басшысы Райымбек Баталов жастардың тың идеялары мен креативті бастамаларын көріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

‼️Биыл ENACTUS WORLD CUP әлем кубогі Астадана өтетінін хабарлаймыз. Айтулы додада кәсіпкерлік пен стартап көшбасшыларын құрайтын әлемнің 40 шақты командасы өз жобаларын таныстырып, үздіктерді анықтайтын болады. Айта кетейік, ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 сайысында жеңімпаз болған команда әлем кубогінде Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

#enactus#enactuskazakhstan#enactusworldcup

BannerText_Seraphinite Accelerator
Turns on site high speed to be attractive for people and search engines.