Назад к списку

 Ата-ананың қадірі

 Бар байлық тек ақшада деп сенеміз.
 Өзімізді бәрінен жоғары ойлап,
 "Өзімшілдікті" жақсыға біз теңейміз.
 Жақсы ғой жұлдыз болып бағың жанса
 Өміріңді арнайсың тек халыққа.


 Сол халық шыңнан жерге құлататын
 Сол халық жерден шыңға шығаратын.
 Бұл өмірде ақшаданда жоғары 
 Бар ғой Алланың берген байлығы 
 Сол байлықты айтайын мен саған 
 Ол ата-анаңның бары мен амандығы.
 Жетпейді ол байлыққа миллионда 
 Миллион емес жетпейді шашыңда.
 Ата-ана ғой бар асыл да, бар алтын да.
 Ата-ананың айтқанын мұқият тыңда.
 Ата-ананы қадірлеп, сен бағала 
 Ата-ана ғой жетелейтін тек алға.
 Сенде келесің орнына ата-анаңның 
 Сол кезде түсінесің қадірін.
 Керек емес ата-анаңа ақшада 
 Керек емес ата-анаңа мәнсапта
 Сыйлап, мақтанышы болып жүрсең,
 Ата-анаңның қуанышы сол ғана.
 Алла Тағалаға шексіз алғыс 
 Ата-анаңның жүргеніне қасында 
 Оларды ешқашанда сен жалғыз 
 Қалдырып кетпе қартайған шағыңда

Автор: Алиева Камиля
 Enactusturan