Enactus әлем кубогы - әлемнің түкпір-түкпірінен келген бірнеше мың студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы.
Студенттік кәсіпкерлікті дамыту жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тартуға мүмкіндік беріп, шағын және орта бизнеске жол ашады. Бұл модель бүкіл әлемде сәтті қолданылып келеді: 40 жылдан астам уақыт бойы студенттер кәсіпкерлік дағдыларын дамытып, табысты бизнес көшбасшысы болды. ENACTUS өкілдіктері 36 елде, соның ішінде Қазақстанда жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 70 000-нан астам ENACTUS белсенді студенттері бар.
550-ден астам халықаралық корпорациялар Enactus серіктестері болып табылады, бұл бағдарламаның дамуын белсенді түрде қолдайды және Enactus әлем кубогында студенттік іскер топтарды бағалайды.
ENACTUS Astana Medical University командасы жартылай финалға шықты
ENACTUS WORLD CUP 2021!