мемлекетінің астанасы Сан-Хуан қаласында басталды.

Ауқымды шара 33 елдің болашақ бизнес көшбасшыларының басын қосты.
ENACTUS – жоғары білім мен бизнесті біріктіретін, жас таланттарға инновациялар мен кәсіпкерлік арқылы қоғамға үлес қосуға мүмкіндік беретін халықаралық ұйым.
Жоғары деңгейдегі әлем чемпионатына қазылар алқасы ретінде халықаралық компаниялардың басшылары жиналды.
Осы уақытқа дейін әлем чемпионаты Лондон, Барселона, Торонто, Париж, Нью-Йорк, Сингапур, Берлин, Куала-Лумпур, Лос-Анджелес, Вашингтон, Канкун, Бейжің, Йоханнесбург қалаларында өтті. ENACTUS серіктестері болып табылатын 550-ден астам халықаралық корпорациялар әлеуметтік жауапкершілік танытумен қатар бағдарламаны дамытуға демеу білдіреді.
Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша ENACTUS Қазақстан ұйымының оқушылары мен студенттері БҰҰ-ның «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) 17 мақсатына қол жеткізуге бағытталған 70-тен астам бизнес-жобаны жүзеге асырды.
Жоба аясында студенттер шағын бизнесті дамытуға көмектесіп қана қоймай, өздерінің алғашқы кәсіптерін ашады.

Әлем чемпионатында ел намысын ENACTUS 2022 ұлттық кубогының иегерлері С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университеті қорғауда.
30 адамнан құралған Қазақстан делегациясы студенттер, серіктестер мен ұйымдастырушылардан тұрады.

ENACTUS Қазақстан президенті Альбина Ержанова жыл сайынғы әлем чемпионаты бизнес пен инновация саласындағы өте маңызды сайыс екенін, біздің жастарды белсенді дамуға және шетелдік студенттермен тең дәрежеде бәсекелесуге ынталандыратынын атап өтті.

4 күндік бағдарлама аясында әлем чемпионы кубогы үшін ұйымдастырылған сайыстан бөлек, инновациялар,пластикпен күресу, су ресурстарын тазарту, климатты өзгерту, инвесторларға арналған питчинг бойынша арнайы жарыстар және жергілікті ENACTUS командаларының әлеуметтік және кәсіпкерлік жобалары бойынша экскурсия жоспарланған.
Қазақстандағы ENACTUS бағдарламасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көрсететін және жастар кәсібін инвестициялайтын демеуші компаниялардың қолдауымен дамуда:
Олжа Агро
KMF, KMF-Демеу
Altyn Qyran Foundation
KT Cloud Lab
Raimbek
TURAN Water
Beeline Kazakhstan
White&Case
TSSP
Универ капитал
Eurasia Red
KazAgroFeed
ABS-строй
Leader Engineering Company
Барлық сұрақтар бойынша:
enactuskaz@gmail.com
enactus.kz
enactus.org
#enactuskaz #enactus #nextgenleaders #jastar