Новости

Еріктілердің үздік жобасы!!!

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2020 жыл еріктілер жылы болып жарияланды. ✔️

Мұқтаж адамдарға риясыз көмек көрсету дәстүрі Қазақстанда терең тарихи тамыры бар және әрдайым қолдау тапқан. Елордада ЭКСПО-орталық базасында ашылған Birgemiz волонтерлерінің республикалық фронт-кеңсесі - маңызды бастамалардың бірі.👍

Барлық волонтерлік жобалар 7 бағытта біріктірілген - Asyl mura, Bilim, Saýlyq, Sabaqtastyq, Taza Álem, Úmit, Qamqor, ал онлайн платформа Qazvolunteer.kz, Қазақстанның барлық волонтерлерін біріктіруге арналған. 🇰🇿
Бүгінде бұл қозғалыс ерекше күш жинап, студенттер еріктілікті жаппай және тиімді етуге ықпал етеді.☑️

🔸2019 жылғы деректер бойынша ENACTUS халықаралық қызметі 37 елді; 1,730 университетті; жыл сайын 72,000 астам қатысушыларды; 3,800 жобаны; 7,300,000 волонтерлік сағатты біріктіреді 🌍
ENACTUS Қазақстанда 17 аймақты; 50+ жоғары оқу орындарын; 5000+ белсенді студенттерді; 60+ бизнес серіктестерді;1,000,000 волонтерлік сағаттарды біріктіреді!🇰🇿🤩

🔹Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсесі студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялар ұлттық кубогын өткізу аясында "Еріктілердің үздік жобасы" номинациясы бойынша сайыс жариялайды.
Аталған номинацияға қатысу үшін командаға:
- Толық сипаттамасы бар мәтін-жобаның мақсаты, мәні, нәтижелері.
- Жоба фотосуреттері.
Жоба қазірдің өзінде іске асырылуы тиіс. Жеңімпазды таңдау кезінде жоба өзінің ерікті миссиясын жүзеге асыра алды ма, соңғы нәтиже ескеріледі.
"Еріктілердің үздік жобасы" номинациясының қорытындысы мен жеңімпазы Ұлттық кубокта жарияланады!🏆

📥 Жобалар 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін enactuskaz.pr@gmail.com поштасына қабылданады.
Еліміздің көптеген адамдары бүгінгі күні жақсылық жасап, өмірді жақсы жаққа ауыстырудың өте маңызды екенін түсінеді. Birgemiz! Біз біргеміз!✊

#birgemiz#cisc2020 #qogamgov #enactuskazfest2020 #enactuskaz #nextgenleaders #weallwin
Made on
Tilda