Новости

Kazakhstan Water Race

ENACTUS KAZAKHSTAN қоры мен «Шеврон» компаниясы «Kazakhstan Water Race» арнайы байқауы форматындағы әлеуметтік жобаның басталғаны туралы хабарлайды.

Бұл бастаманың мақсаты келесі бағыттар бойынша инновациялық шешімдерді іздеуді ынталандыру болып табылады:
- ауыз суға қол жеткізу және онымен қамтамасыз ету
- ресурстарды үнемдеу
- су кернеуін басқару
- тазарту немесе өндіру технологиясы
- суды ұтымды және қайта пайдалану.

Қатысу шарттары:
«Kazakhstan Water Race» арнайы байқауына ENACTUS KAZAKHSTAN бағдарламасына тіркелген оқушылар мен студенттер қатыса алады.

Табысты іске асыру үшін жоба командаларына ақпараттық кездесулер, тренингтер және кәсіби тәлімгерлік арқылы қолдау көрсетіледі.

«Kazakhstan Water Race» арнайы байқауы БҰҰ №6 ТДМ: 2030 жылға қарай қауіпсіз ауыз су мен санитарияға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Өтініштер 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін қабылданады.

Қорытынды қойылым және марапаттау рәсімі 5-6 мамырда ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2022 студенттер мен мектеп кәсіпкерлігінің ұлттық кубогы аясында өтеді.
«Kazakhstan Water Race» арнайы байқауының жүлде қоры 4 000 000 теңгені құрайды.


Байқау шарттары және ENACTUS бағдарламасына тіркелу туралы толығырақ ақпаратты www.enactus.kz сайтынан алуға болады.
Тіркеуге сілтеме: https://forms.gle/QrFL82TQVcstejfn6
Байланыс үшін телефондар: enactuskaz@gmail.com, +7 747 775 29 76 - Маржан Жангали.
Made on
Tilda