ENACTUS & CHEVRON
"KAZAKHSTAN WATER RACE"
АРНАЙЫ БАЙҚАУ






ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2022
ENACTUS KAZAKHSTAN қоры мен «Шеврон» компаниясы өткен жылдың желтоқсан айында онлайн режимінде басталған «KAZAKHSTAN WATER RACE» арнайы байқауы форматында бірлескен әлеуметтік жобаны іске қосты.
Байқау аясында 15 облыстан, 73 оқу орнынан келген мектеп оқушылары мен студенттері 2 айлық қарқынды оқудан өтіп, сонымен қатар жоба тәлімгерлері тобынан кеңес алды.
Соңғы онжылдықтарда су ресурстарының тапшылығы теңіз деңгейінің көтерілуіне және климаттың өзгеруіне әкелетін сыни деңгейге жетті. 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну өсімі 56 пайызға артады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, шамамен 785 миллион адам ауыз суға қол жеткізе алмайды, ал әлемде 2 миллиард адам қарапайым санитарлық талаптарға сай емес.
Байқаудың негізгі мақсаты – БҰҰ-ның 6-шы тұрақты даму мақсатына – «Баршаға арналған су мен санитарияның қолжетімділігін және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ету» мақсатына қол жеткізуге байланысты инновациялық шешімдерді табу.
Made on
Tilda