Құрметті достар!
Enactus Kazakhstan Ұлттық кеңсесінің атынан Сізге сәлем жолдап, біздің қызметімізге қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз!
ENACTUS-Бұл бизнес арқылы өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған коммерциялық емес ұйым.
Біздің негізгі қызметіміз жастармен жұмыс жасауға бағытталған, өйткені бүгінгі студенттер, ертең еліміздің келбетін қалыптастыратын болады. Сондықтан жас қазақстандықтарда сананы, әлеуметтік жауапкершілікті, талантты және еліміздің болашақ прогрессі үшін әрекет ете білуді дамыту өте маңызды.
Құрметпен, Альбина Мейірбекқызы Ержанова