ENACTUS KAZAKHSTAN
КОМАНДАНЫ ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ
Команданы қалай құруға және ENACTUS жарыстарына қалай қатысуға болатынын толығырақ біліңіз

ENACTUS КОМАНДАСЫН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАДАМДАРЫ

1
ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН КОМАНДАЛАРДЫ ТІРКЕУ
Тіркеу үшін команда толтырылған тіркеу нысандарын электрондық пошта арқылы ENACTUS Қазақстан Президентінің атына жібереді. Тіркеу нысандарының бланкілерін команда ENACTUS Қазақстан ұлттық кеңсесінің мекенжайына электрондық пошта арқылы жіберілген сұрау салу бойынша алады (enactuskaz@gmail.com )
2
ЕNACTUS ЖОБАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ
Команда өз жобаларының мазмұны мен көлемін дербес таңдайды, жобалардың санын, олардың әрқайсысының ұзақтығын анықтайды.
3
ENACTUS КОМАНДАЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТІ ЕСЕПТЕРІ
Есептер тізімін төменде бекітілген файлдардан таба аласыз.
4
ENACTUS КОНКУРСТАРЫНА ҚАТЫСУ
Enactus критерийіне сәйкес келетін жобаларды іске асырған, тіркеуден және тренингтерден өткен және міндетті есептерді уақытында ұсынған командалар Еnactus Қазақстан ұлттық конкурсына қатысуға құқылы.

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

  • Студент / оқушы:
    ENACTUS командасын ашуға өтініш бергеннен кейінгі менің келесі әрекеттерім қандай?
    ENACTUS:
    Команда құру туралы өтініш хатын алғаннан кейін сіз ұлттық кубокқа/республикалық мектеп кәсіпкерлігі чемпионатына қатысуға өтінім формасын толтырасыз.
    Сізге өтінімде көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласады және келесі әрекеттер туралы хабарлайтын топқа қосады.
  • Студент / оқушы:
    Біздің команда жарысқа қатысып жатқаны туралы қалай білуге болады?
    ENACTUS:
    Сіздің өтінішіңіз қабылданғаны туралы пошта арқылы жауап аласыз. Әрі қарай, команда капитандары топқа қосылып, келесі әрекеттер, тренингтер және т. б. туралы хабардар болады.
  • Студент / оқушы:
    Қатысу үшін қандай жобалар қажет?
    ENACTUS:
    Жобалар БҰҰ-ның 17 ТДМ-ын қамтуы және белгілі бір мәселені шешуі тиіс. Жобалар әртүрлі болуы мүмкін: бизнес, эко, әлеуметтік, IT және т.б.
Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізге жазыңыз!
+7 705 714 33 15 Аружан
+7 776 651 04 44 Зере
Email: enactuskaz@gmail.com
enactuskaz.ast@gmail.com
Made on
Tilda