Назад к списку

"Я - писатель" 

 Ұлы ақын Абай ата 

Қазақтың ұлы ақыны Абай ата 

Жазушы, ағартушы әрі дана 

Ақылы мен қайраты алып шыққан 

Басымды иемін ақынның алдында 


Араб, парсы, орыс тілдерінде

Данышпан, ақынымыз алған біле 

Лермонтов, Толстой, Пушкиндердің 

Шығармаларын аударған қазақ тілге 

Көп тағы өлендер мен прозалар 

45 қара сөзі бар ғой тағы 

Олардың көбісі надандықпен 

Жалқаулыкпен күреске шақырады 

Көпті білген, көпті көрген атамыз 

Жасасын! Деген қазағымыз

Үлгі алып, пір тұтып ақынды

Мақтанышпен айтып жүр жастарымыз!

______________________________________________________________________________________________________________________

Өмір

Өмірге келдік бәріміз 

Таласқа түсті жанымыз 

Қойған алға мақсатты 

Орындау үшін жүрміз біз 

Жету үшін арманға 

Жүру керекпіз алға 

Күлімсіреп әр таңда 

Ояну керек қашанда 

Берілмеу керек сынаққа 

Жіберген оны Бір Алла 

Жігер, қайрат, төзіммен 

Кушімізді сынауға 

Қуана білейік бізде 

Күлейік жымия күнде 

Бақытты болу жазылған 

Бұл жалған да әркімге! 

______________________________________________________________________________________________________________________

Ақын емеспін! 

Ақын деп айта алмаймын өзімді 

Ақын адам мендей болмайтының білемін 

Тек қана шабыт кернеп кеудемді 

Екі сөздің басын құрап келемін 

Алдымдағы мақсатым ақын емес 

Шығарғандарым тек жүрек үні 

Бар мақсатым сендерге болса елес 

 Мен үшін болар шыңның түбі 

Ол шынға шығу оңай емес 

Бірақ менің күшім шынға теңес 

Сондықтан қорықпаймын ештенеден 

Асықпай сабыр сақтап жүріп келем 

Қолыма қалам алып, өрнек салып 

Ақ параққа ойымдағы сөзді жазып 

Өзіме ат қойсам ақын деген 

Адам деген атыма сын келері аңық 

Ақын адам мендей болмайды 

Шығармашылыққа өмірін арнайды 

Ақын адам жүректен бар ойын 

Алдымен параққа сосын әлемге жолдайды 

Ал менің шығарған бір шумағым 

Қалады жүрегімнің түбінде 

Сол үшінде мен мойындаймын 

Әлемге емес өзіме арнаймын. 

______________________________________________________________________________________________________________________

Тәуелсіз ел болғанымызға Шынымен, 25 жыл болды ма?! 

Тәуелсіз ел болғанымызға Шынымен, 25 жыл болды ма?! 

Азаттық, қазағым, алу үшін Қан мен тер төгілді қаншама?! 

Тарихқа қарасақ үңіле, 

Батырлардың, қайран қалам, ерлігіне. 

Олардан әрқашан үлгі алып, 

Мақтанышпен аламыз біз еске. 

Көк туымыз желбіресін биікте! 

Тату-тәтті өмір сүрейік бірлікте. 

Қадір тұтып, құрметтейік бабамызды 

Жеткізген қазақ елін осы күнге! 

Автор: Сулейманкул Аружан из команды Enactus turan