Назад к списку

 «Мен жастарга сенемiн» | «Туган жер»

 "Мен жастарға сенемін!"

 Еліміздің жарқын болашағы, 

 Жастарға өлең арналады.

 Дархан елдің ұрпағы.

 Жастар біздің айбатты,қайсар жүрек, өр тұлғалы.


 Жалынды қайрат,от жүректі.

 Мен жастарға сенемін,

 Қайсар болып жаралған.

 Қай жерде олар жүрмесін ,

 Құр алақан қайтпаған.

 Жастар елдің несібі,

 Бәріне үміт артылған.

 Мен жастарға сенемін 

 Ойлары жүйрік, тілі шебер ,

 Ізгілікке жетелер 

 Жастарым адал ,Еліміздің қорғаны,

 Мақтан тұтар кәміл жұрттың әрдайым болар қалқаны,

 Тілек еткен алғы күннің ажарын,Маздатып жағар, сөнгізбес ұлы дала арландары.

 Сарқылмасын жастар біздің күшіміз,

 Абыройын асқақтатуға міндеттіміз.

 Жас ұрпақ мінезіне бос еткен, сабыр ойды 

 Бұл өмірде жастарсыз болмас дүние бұрынғыдай абыройлы.

 Тойлап жатқан тәуелсіздік мейрамның,мәртебесін сақтап қалу қолымызда.

 Мен жастарға сенемін

 Мәңгілік ел жолында ,

 Аянбай еңбек ететін.

 Жастар сұңқар сықылды,

 Көздерінде ұшқын бар .

 Елжандыққа тәрбиелер

 Өлеңдерім менің таусылмас.

автор : Асмира Кульматова Enactus Turan

_______________________________________________________________________________________________________________________

 Туған жер

 Ауылды мекен – ордалы елім,

 Құт, берекенің қорғаны елім.

 Туған жер сенің бұлақтарыңның ,

 Еркелей аққан тармағы едім.

 Қуаныш кернеп ұшамын ойдан,

 Суларың шәрбәт мұңымды шайған.

 Жасыл белдерің самалы ескен,

 Аймалап бетті құшағын жайған.

 Өзіңе деген сезімдер арман,

 Бойымды билеп төзім де жалған.

 Балғын шағымның қиялы тербеп,

 Жырларым бар-ау өзіңе жазған.

 Уақытым зырлап желдей еседі,

 Ойларым самғап ұзаққа кетеді.

 Құт қонған өлке қонысын тастап,

 Бүгінде неге ел қалаға көшеді.

 Бабалар кеше төккен терлерін,

 Белгісі бар ғой өткен күндердің.

 Келешегіңе толғанамын мен,

 Қырларын шарлап ой бөктерінің.

 Көркейсе ауыл көңілге медет,

 Жақсылық нышан өмірге демеп.

 «Туған жер – алтын бесігім»деген

 Болашақ ұрпақ жалғайды, демек.

 Туған жер менің тұғырлы өлкем,

 Арқауы өзің жырымның көркем.

 Қай қиырда жүрсем де мейлі,

 Оралып ертең өзіңе жетем.

автор : Аяжан Маратова Enactus Shakarim